Сынып сағаты
Ж.Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінде 5- сынып оқушылармен 1 қазан - қарттар күніне орай тәрбие сағаты өткізілді.
Тақырыбы: «Қарты бар үйдің қазынасы бар».
Мақсаты: оқушылар қариялардың өмірлік тәжірибесі, ақыл-кеңестері мен өнегесі туралы кеңірек мағлұмат алды. Сонымен қатар, үлкенді сыйлау – әрбір жастың азаматтық борышы екендігі айтылып, оқушылар асыл қазынамыз болып табылатын қарттарымызды құрметтеуге, оларға үнемі қамқорлық танытуға шақырылды.
Тәрбие сағаты оқушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық және үлкендерге деген шексіз құрмет сезімдерін ұялатты.
Сынып жетекшісі: Н.К. Абенова