back-image
"Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі" КММ
Ата-аналар жиналысы
22-10-2026 10:44
Ата-аналар жиналысы
2026 жылғы 20 қазанда «Ж.Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі» КММ жанындағы «Балбөбек» шағын орталығында 3–5 жас аралығындағы тәрбиеленушілердің ата-аналарына арналған жиналыс өткізілді.
Жиналысқа 12 ата-ана қатысты.
Педагог-психолог Мукушева Б.М. ата-аналарды жұмыс жоспарымен таныстырып, балалармен психологиялық жұмыс жүргізуге жазбаша келісім алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, ата-аналармен психологиялық ойындар мен тренингтік жаттығулар ұйымдастырылды.
Тәрбиеші Саттарова Б.Б. балалардың күн тәртібі, шағын орталықтың ішкі тәртіп ережелері және оқу-тәрбие процесіне қажетті оқу құралдары туралы ақпарат берді.
Жиналыс барысында ата-аналардың сұрақтары талқыланып, тиісті ұсыныстар берілді.
Мақсаты: ата-аналар мен педагогтер арасындағы ынтымақтастықты нығайту және балалардың тәрбиесі мен дамуына қолайлы жағдай жасау.
Новости