back-image
"Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі" КММ
Ашық есік
22-10-2026 10:34
Ашық есік
«АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ҚАДАМ!
 
???? 2026 жылдың 20 қазанында Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінің 9-сынып оқушылары Нұра кентіндегі «Болат Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжі» КМҚК базасында ұйымдастырылған «Ашық есік» күніне қатысты.
 
Іс-шара барысында оқушылар Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мен Қарағанды индустриялық университетінің мамандарымен кездесіп, жоғары оқу орындары туралы құнды ақпарат алды.
 
✅ Кездесу барысында оқушылар:
 
* Мамандықтар мен білім беру бағдарламаларымен;
* Мемлекеттік гранттар және оқуға түсу мүмкіндіктерімен;
* ҰБТ және шекті балл талаптарымен;
* Университеттегі студенттік өмірмен танысты.
 
✨ Іс-шараның мақсаты – оқушыларға кәсіби бағдар беру, болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар көрсету.
 
Осындай тағылымды кездесулер оқушыларымыздың болашаққа деген сенімін арттырып, алға қойған мақсаттарына жетуге ынталандырады.
Новости