Сынып сағаты
Ж.Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінің 5-сыныбында “Республикам- мақтанышым!” тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты:
Оқушылардың бойында патриоттық сезімді, өз Отанына, тарихына, әдет-ғұрпы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының егемендік алу жолы, мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасы және ел жетістіктері туралы білімдерін тереңдету.
Бұл сынып сағаты оқушылардың білімін толықтырып қана қоймай, олардың бойында Отанға деген мақтаныш сезімін ұялатып, елдің болашағына жауапкершілікпен қарауға бағыт берген маңызды шара болды.
Сынып жетекшісі: Н.К.Абенова