2026–2027 оқу жылындағы Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің алғашқы отырысы өткізілді.
Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар, жаңа жоспарлар мен жаңа мүмкіндіктер кезеңі!
Отырыс барысында жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспары талқыланып, бірлестіктің негізгі мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Сонымен қатар оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру, білім сапасын арттыру, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану, ашық сабақтар мен әдістемелік іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Бірлестік мүшелері өзара тәжірибе алмасып, алдағы уақытта бірлесе атқаратын жұмыстарды жоспарлады.
Басты мақсатымыз – сапалы білім, саналы тәрбие және оқушының жан-жақты дамуына бағытталған нәтижелі жұмыс жүргізу.
Жаңа оқу жылы баршамызға шығармашылық ізденіс, кәсіби даму және толағай жетістіктер әкелсін! 
Бірлігіміз бекем, еңбегіміз жемісті болсын!