back-image
"Баршын тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Баршын тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
«Көңілді старт» спорттық эстафеталық ойындар
13-10-2026 19:06
«Көңілді старт» спорттық эстафеталық ойындар

Бүгін Баршын тірек мектебінде 5–7-сынып оқушылары арасында оқушылардың дене белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа деген қызығушылығын дамыту мақсатында «Көңілді старт» атты спорттық эстафеталық ойындар өткізілді.

 
Іс-шара барысында оқушылар бірнеше командаға бөлініп, түрлі қызықты эстафеталық ойындарға қатысты. Қатысушылар жылдамдық, ептілік, шапшаңдық және ұйымшылдық қабілеттерін көрсетті. Әр команда өзара жарысып, жеңіске жету үшін белсенділік танытты.
 
Спорттық ойындар оқушылардың командалық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға, достық қарым-қатынасты нығайтуға және салауатты өмір салтын ұстануға ықпал етті.
 
Іс-шара соңында жеңімпаз командалар анықталып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйланды. «Көңілді старт» спорттық эстафетасы оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыруға және достық пен бірлікті нығайтуға бағытталды.
Новости