«Адам ба, әлде ЖИ ма?»
22 қазан күні Баршын тірек мектебі (РО) КММ кітапханасында «Кітапхана, сауаттылық және жасанды интеллект»бағыты бойынша 6-сынып оқушыларымен «Адам ба, әлде ЖИ ма?» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар жасанды интеллектінің мүмкіндіктері, оның күнделікті өмірдегі рөлі және кітап оқудың маңыздылығы туралы ой бөлісті. Сонымен қатар ақпаратты саралау, сыни ойлау және цифрлық технологияларды тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.
Кітап оқиық, білімімізді жетілдірейік, технологияны тиімді қолданайық!