«Жүректің көзі ашылса...»
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес, «Балалар кітапханасы» жобасы аясында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармалары арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Жүректің көзі ашылса...» атты әдеби-танымдық іс-шара өткізілді.
Кітапханашы А. Мажитованың ұйымдастыруымен өткен тағылымды іс-шараның мақсаты – оқушыларға Абай мұрасын таныту, ақынның өлеңдері мен қара сөздері арқылы адамгершілік, адалдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық және ізгілік құндылықтарын насихаттау.
Іс-шара барысында оқушылар ұлы ақынның шығармашылық мұрасымен танысып, оның терең мағыналы өлеңдері мен ғибратты ойларының тәрбиелік мәніне назар аударды. Абай шығармалары арқылы адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалаудың, өзін-өзі жетілдірудің және саналы азамат болып қалыптасудың маңыздылығы дәріптелді.
Ұлы Абайдың асыл мұрасы – ұрпақ тәрбиесінің алтын қазығы, адамгершілік пен парасаттылықтың мәңгілік мектебі!