back-image
"Баршын тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Баршын тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
2026–2027 оқу жылындағы ӘБ-нің №1 отырысы
26-08-2026 22:10
2026–2027 оқу жылындағы ӘБ-нің №1 отырысы
Жаңа оқу жылы қарсаңында әдістемелік бірлестіктің алғашқы отырысы өткізілді.
Отырыс барысында 2026–2027 оқу жылына арналған негізгі бағыттар талқыланып, алдағы жұмыстар жоспарланды. Атап айтқанда:
???? нормативтік құжаттар және әдістемелік нұсқау хатпен танысу;
???? әдістемелік бірлестіктің жылдық жұмыс жоспарын талқылау;
???? пәндер бойынша күнтізбелік-тақырыптық және факультатив сабақ жоспарларын қарастыру;
???? дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарын құру;
???? пәндік апталықтар мен онкүндіктердің жоспарын белгілеу;
???? ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын жоспарлау;
???? 9-сынып оқушыларын ОЖСБ және PISA-ға дайындау жұмыстарын ұйымдастыру;
???? пәндік олимпиадаларға дайындық жоспарын құру.
Отырыс барысында бірлестік мүшелері өзара пікір алмасып, жаңа оқу жылында білім сапасын арттыру, оқушылардың білім жетістіктерін жақсарту және педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру бағытындағы міндеттерді айқындады.
Жаңа оқу жылында бірлестігімізге шығармашылық табыс, нәтижелі еңбек және толағай жетістіктер тілейміз! ????????
Бірлестік жетекшісі: Баймухаметова Г.Р.
Новости