back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Балалардың қауіпсіздігі, психологиялық қолдау және білім алушылар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу»
29-10-2026 13:48
«Балалардың қауіпсіздігі, психологиялық қолдау және білім алушылар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу»
Р. Асубаев атындағы мектепте педагог-психологтар Шаймерденова А.Б. мен Кратович Е.М. ата-аналармен «Балалардың қауіпсіздігі, психологиялық қолдау және білім алушылар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру, эмоционалдық қиындықтарды дер кезінде анықтау, сондай-ақ білім алушылар арасында буллинг пен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бойынша ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру.
Кездесу барысында ата-аналарға баланың эмоционалдық әл-ауқатының, отбасындағы сенімді қарым-қатынастың және оның ішкі жан дүниесіндегі сезімдеріне мұқият қараудың маңыздылығын ашатын тақырыптық слайдтар ұсынылды. Сонымен қатар қатысушыларға балаларға психологиялық қолдау көрсету және олардың қауіпсіз дамуына қолайлы орта қалыптастыру бойынша практикалық ұсыныстар қамтылған жадынамалар таратылды.
Кездесудің практикалық бөлімі ата-аналардың ерекше қызығушылығын тудырды. Бұл бөлімде ата-аналар буллингке қатысты түрлі жағдайларды талдауға белсенді қатысты. Өмірде кездесетін нақты жағдайлар, жанжалдардың туындау себептері және ересектердің дұрыс әрекет ету жолдары бірлесіп талқыланды. Ата-аналар мәселелерді шешудің өз нұсқаларын ұсынып, күрделі жағдайлардан конструктивті жолмен шығуды, қиындықтарға тап болған баланы дер кезінде қолдаудың маңыздылығын талқылады.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Бұл ата-аналарға өз ойларымен бөлісуге, пайдалы ұсыныстар алуға және әрбір баланың өміріндегі отбасылық қолдаудың маңызы туралы тағы бір мәрте ойлануға мүмкіндік берді.
Кездесудің басты қорытындысы: баланың қауіпсіздігі ересектердің назарынан, сенімінен және түсіністігінен басталады. Кейде баламен уақытылы сөйлесу, оның ішкі сезімдеріне шынайы қызығушылық таныту және оны мұқият тыңдауға дайын болу – күрделі мәселелердің алдын алудағы шешуші қадамдар болуы мүмкін.
Өйткені бақытты әрі қауіпсіз балалық шақ – отбасы мен мектептің ортақ жауапкершілігі!
Жаңалықтар