Табиғи материалдардан жасалған шығармашылық жұмыстар көрмесі
Табиғи материалдардан жасалған шығармашылық жұмыстар көрмесі
Демалыс кезеңіндегі жоспарға сәйкес оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында табиғи материалдардан көрме жұмыстары ұйымдастырылды. Оқушылар табиғи материалдарды тиімді пайдалана отырып, қиялдары мен шеберліктерін ұштастырып, ерекше қолөнер бұйымдарын жасады.
Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылар табиғаттың әсемдігін бағалауға, қоршаған ортаны қорғауға және еңбекті қадірлеуге үйренді. Табиғи материалдардан жасалған әрбір туынды – баланың ізденісі мен шығармашылық мүмкіндігінің көрінісі.