Р. Асубаев атындағы ЖББМ гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестік отырысы
27 қазан күні Р. Асубаев атындағы ЖББМ гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестік отырысы өтті. 1-тоқсан қорытындысы талқыланып, 2-тоқсанға қойылған мақсат пен міндеттер бойынша қосымша жұмыстар жоспарға енгізілді. Ұстаздар ROQED AI, Edutest платформаларының мүмкіндіктерін, артықшылықтарын талқылап, тиімділігін қарастырды. Талдаулардың қорытындысы шығарылып, ұсыныстар жасалды.