Р. Асубаев мектебінде әдістемелік бірлестігінің екінші отырысы өткізілді.
Р. Асубаев мектебінде бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің екінші отырысы өткізілді. Отырыс барысында бірінші тоқсанның қорытындысы талданып, оқушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасы қарастырылды. Сонымен қатар 2-сынып оқушыларының білім жетістіктерін бағалау ерекшеліктері, аптасына бір рет өткізілетін пәндер бойынша бағалау тәртібі талқыланды.
Отырыс барысында оқушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау, үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізу, бағалаудың объективтілігін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды. Сондай-ақ бастауыш сыныптар апталығының жоспары құрылып, өткізілетін іс-шаралар мен мұғалімдердің міндеттері белгіленді.