back-image
"Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі" КММ
Заң және тәртіп
22-10-2026 10:41
Заң және тәртіп
Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі. Буллингтің алдын алу*
 
Ж.Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінде оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі, сондай-ақ буллингтің алдын алу тақырыптарында түсіндіру дәрісі өткізілді.
 
Дәрісті Нұра ауданының ПБ ЮПТ УИП полиция аға лейтенанты Ә.М. Жарасханова мен полиция инспекторы Ш.Ж. Омаров жүргізді.
 
Кездесу барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың салдары, заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, бір-біріне құрметпен қарау, достық қарым-қатынасты сақтау және кез келген қысым көрсету әрекетіне жол бермеу мәселелері қозғалды.
 
*Мақсаты:* оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметін қалыптастыру және қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету.
Новости