back-image
"Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі" КММ
Сынып сағаты
15-10-2026 09:37
Сынып сағаты
АПТА ДӘЙЕКСӨЗІ: «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл»
 
???? Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінің 1-сыныбында аптаның дәйексөзі бойынша тәрбие жұмысы жүргізілді.
 
Оқушыларға Отанның адам өміріндегі маңызы, туған жерге деген сүйіспеншілік пен елге құрмет туралы түсіндірілді. Балалар Отанды сүю, туған жерді қадірлеу – әрбір азаматтың парызы екенін түсінді.
 
????️ Қауіпсіздік сабағы (10 минут)
 
Тақырыбы: «Мейірімді бол, досыңды қорлама!»
 
Сабақ барысында оқушыларға достықтың маңызы, бір-біріне мейірімділік таныту, сыныптастарын құрметтеу және ешкімді ренжітпеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, келіспеушілік туындаған жағдайда мәселені бейбіт жолмен шешу және қажет кезде үлкендерден көмек сұрау керектігі айтылды.
 
???? Мақсатымыз – Отанын сүйетін, достарын құрметтейтін, мейірімді әрі жауапты ұрпақ тәрбиелеу!
Новости