Сынып сағаты
«Білімді ұрпақ – ел тірегі»
????️ Қауіпсіздік сабағы – 10 минут
№3 сабақ
???? Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінде 1-сынып оқушылары арасында «Досыңды ренжітсе не істеу керек?» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар достықтың маңыздылығы, бір-бірін құрметтеу, ренжіткен жағдайда өз сезімін дұрыс жеткізу және келіспеушілікті бейбіт жолмен шешу туралы түсініктерін кеңейтті. Балалар досын ренжітіп алған жағдайда кешірім сұрау, ал өздері ренжіген кезде сабыр сақтап, үлкендерден көмек сұрау керектігін үйренді.
???? Сабақтың басты мақсаты – оқушыларды достыққа, сыйластыққа, мейірімділікке тәрбиелеу және қауіпсіз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
???? Досыңды сыйла, ренжітпе, әрқашан мейірімді бол!