Баршын тірек мектебі жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері
Баршын тірек мектебі жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде лагерьдің 2-күні – «Танысу күні» өтті.
Күн барысында балалар «Достық шеңбері» тренингіне қатысып, бір-бірімен жақынырақ танысты. Түрлі топтық ойындар ойналып, балалар ұйымшылдық пен сыйластықтың маңызын түсінді. Сонымен қатар, «Менің досым» тренингі арқылы достықтың қадірін ұғынып, өз ойларымен бөлісті.
Лагерьдің 3-күні – «Достық күні» аясында достық туралы әсерлі әңгімелер айтылып, көңілді старт жарыстары ұйымдастырылды. Балалар белсенді қатысып, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын көрсетті. Сондай-ақ, сурет салу байқауында достық тақырыбын шығармашылықпен бейнелеп, әсем туындылар ұсынды.
Осындай қызықты іс-шаралар балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.