back-image
"Баршын тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Баршын тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА ТОЛЫ ҚУАНЫШТЫ КҮН ????
01-06-2026 23:23
БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА ТОЛЫ ҚУАНЫШТЫ КҮН ????
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Баршын тірек мектебінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мереке барысында көңілді әндер шырқалып, қызықты ойындар ойнатылды. Оқушылар белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсерге бөленді. Балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері мерекенің ажарын аша түсті.
Сонымен қатар, мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің І ауысымы өз жұмысын бастады. Лагерьдің алғашқы ауысымы 2026 жылдың 1 маусымы мен 22 маусымы аралығында өтеді. Жазғы демалыс кезеңінде оқушылар үшін түрлі танымдық, спорттық және шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылып, олардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізуіне мүмкіндік жасалады.
Іс-шараның мақсаты – балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және бақытты балалық шақтың маңызын насихаттау.
Мерекелік шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп, демеушілік танытқан Баршын ауылы әкімінің аппаратына, Баршын тірек мектебінің ұстаздар ұжымына және жергілікті кәсіпкерлерге шынайы алғысымызды білдіреміз. Балаларға қуаныш сыйлап, мерекенің көркін арттыруға қосқан үлестеріңіз үшін зор ризашылығымызды жеткіземіз.
Барша бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтай отырып, дендеріне саулық, оқуда табыс, бақытты балалық шақ және жарқын болашақ тілейміз!
Новости