«Білім мен ғылым – ел болашағының тірегі»
Баршын тірек мектебінің (РО) жаратылыстану–математика бірлестігінің 23.02 – 06.03.2026 ж. аралығында өтетін онкүндігінің салтанатты ашылуы жоғары деңгейде өтті.
Онкүндіктің негізгі мақсаты – оқушылардың жаратылыстану пәндеріне қызығушылығын арттыру, білімдерін тереңдету және алған білімдерін өмірмен ұштастыру.
Ашылу салтанатында мұғалімдер қауымы әсем ән шырқап, оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Іс-шара өте көңілді, мазмұнды әрі әсерлі өтті. Алдағы күндері онкүндік аясында танымдық сайыстар, ашық сабақтар мен қызықты шаралар жалғасын табады.