8 “Ә” сыныбында «Республика – менің мақтанышым!» атты
Республика күніне орай оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға Республика күнінің тарихи маңызы мен еліміздің тәуелсіздік жолындағы жетістіктері туралы ақпарат берілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері таныстырылып, олардың мағынасы мен ерекшеліктері түсіндірілді.


