Бүгін мектебімізде жас ұрпақ үшін маңызды әрі қуанышты оқиға орын алды!
✨ 2-сынып оқушылары «Жас Қыран» ұйымының, ал 5-сынып оқушылары «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылданып, салтанатты түрде ант беріп, өздерінің алғашқы қадамдарын жасады.
Бұл – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, білімге құштарлыққа, жауапкершілікке, тәртіп пен белсенділікке тәрбиелейтін маңызды бастама.
???? Сонымен қатар, мектебіміздің Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелеріне куәліктер табысталды. Бұл – оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін шыңдап, мектеп өміріне белсене араласуына және өз бастамаларын жүзеге асыруына берілген мүмкіндік.
Жас ұландарымыз бен жас қырандарымызды және мектептің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерін шын жүректен құттықтаймыз! Әрдайым биік мақсаттарға ұмтылып, білімді, тәрбиелі, елжанды азамат болып өсулеріңе тілектеспіз!
Ел ертеңі – білімді ұрпақтың қолында!
???????? «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатыБүгін мектебімізде жас ұрпақ үшін маңы