Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға өрттің алдын алу жолдарын түсіндіру, төтенше жағдай кезінде өзін дұрыс ұстауға үйрету және қауіпсіздік ережелерін меңгерту.
Шара барысында тәрбиешілер балаларға өрттің шығу себептері, сіріңке мен электр құралдарын дұрыс пайдаланбаудың қауіптілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, өрт кезінде эвакуациялау тәртібі көрсетіліп, дабыл белгісі берілген жағдайда ғимараттан қауіпсіз шығу жолдары тәжірибе жүзінде пысықталды.
Балаларға «101» өрт сөндіру қызметінің нөмірі таныстырылып, көмек шақыру тәртібі үйретілді. Танымдық ойындар мен көрнекі құралдар арқылы бүлдіршіндердің қауіпсіздікке деген қызығушылығы артты.
Іс-шара соңында балалар өрт қауіпсіздігі ережелерін қайталап, өз білімдерін көрсетті. Мұндай шаралар тәрбиеленушілердің өмір қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға үлкен септігін тигізеді.


