back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"
Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББМГ жанындағы “Балдырған” шағын орталығында тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрт қауіпсіздігі бойынша арнайы іс-шара ұйымдастырылды.
25-02-2026 13:14
Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББМГ жанындағы “Балдырған” шағын орталығында тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрт қауіпсіздігі бойынша арнайы іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға өрттің алдын алу жолдарын түсіндіру, төтенше жағдай кезінде өзін дұрыс ұстауға үйрету және қауіпсіздік ережелерін меңгерту.

Шара барысында тәрбиешілер балаларға өрттің шығу себептері, сіріңке мен электр құралдарын дұрыс пайдаланбаудың қауіптілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, өрт кезінде эвакуациялау тәртібі көрсетіліп, дабыл белгісі берілген жағдайда ғимараттан қауіпсіз шығу жолдары тәжірибе жүзінде пысықталды.

Балаларға «101» өрт сөндіру қызметінің нөмірі таныстырылып, көмек шақыру тәртібі үйретілді. Танымдық ойындар мен көрнекі құралдар арқылы бүлдіршіндердің қауіпсіздікке деген қызығушылығы артты.

Іс-шара соңында балалар өрт қауіпсіздігі ережелерін қайталап, өз білімдерін көрсетті. Мұндай шаралар тәрбиеленушілердің өмір қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға үлкен септігін тигізеді.

Новости