back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"
Шағын орталықта «Адалдық дүкені» акциясы аясында сюжеттік-рөлдік ойын ұйымдастырылды. Ойынның басты мақсаты – балаларды адалдыққа, жауапкершілікке және адамгершілікке тәрбиелеу.
25-02-2026 10:46
Шағын орталықта «Адалдық дүкені» акциясы аясында сюжеттік-рөлдік ойын ұйымдастырылды. Ойынның басты мақсаты – балаларды адалдыққа, жауапкершілікке және адамгершілікке тәрбиелеу.

Балалар мен тәрбиешілер дүкен көрінісін жасап, сатушы, сатып алушы, еден жуушы рөлдерін бөлісіп алды. Сатып алушы тауарын алып, ақшасын төлеген кезде байқамай біршама ақшасы жерге түсіріп алады. Мұны еден жуушы байқап қалып, ақшаны иесіне қайтарып береді. Бұл әрекет арқылы балалар адал болудың маңызын түсінді.

Сондай-ақ ойын барысында сатушы сатып алушының ақшасын дұрыс санамай, артық ақша алып қояды. Біраздан кейін өз қателігін түсініп, сатып алушыны шақырып, артық алған ақшасын қайтарып береді. Осы сәтте балалар қателікті мойындап, оны түзете білу де адалдықтың бір көрінісі екенін ұғынды.

Ойын соңында тәрбиеші балалармен бірге адалдық, шыншылдық, әділдік туралы әңгіме жүргізді. Балалар өз ойларымен бөлісіп, адал болу әрқашан дұрыс шешім екенін түсінді.

Бұл шара балалардың бойында жақсы қасиеттерді қалыптастырып, бір-біріне деген сенім мен сыйластықты арттыруға ықпал етті.

Новости