back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"
Жауынгер-интернационалистерді еске алу күні қарсаңында аудандық балалар кітапханасы М. Жұмабаев атындағы мектеп-гимназияның 5-сынып оқушыларына арналған «Алыс соғыстың жауынгерлері» атты еске алу сағатын ұйымдастырды.
25-02-2026 10:44

Іс-шараның мақсаты — жасөспірімдерді Ауған соғысының тарихымен және Нұра ауданынан интернационалдық борышын өтеген жауынгерлердің ерлігімен таныстыру.
Еске алу сағаты барысында оқушылар соғыстың себептері мен барысы туралы мағлұмат алып, сондай-ақ осы қақтығыста қаза тапқан жас нұралық жауынгерлердің батылдығы мен ерлігі жөнінде білді. «Ауған соғысының жаңғырығы» атты презентация бұл соғыс оқиғалары туралы білімдерін толықтыра түсті.
Іс-шара соңында балалар кітап көрмесін қызығушылықпен тамашалады.

Новости