back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"
«Намыс пен Ерлік – ұрпаққа ұран!»
25-02-2026 10:39
«Намыс пен Ерлік – ұрпаққа ұран!»

Бүгін мектебімізде «Жас сарбаз» сыныбының салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті. Мемлекеттік Тудың астында серт берген жас ұландар ел қорғау жолындағы алғашқы қадамдарын жасады.
Сарбаздар ант бергеннен кейін оларға «Жас сарбаз» куәліктері табысталды.
Шараның басты қонағы — Ауған соғысының ардагері Нияз Жанайдарұлы Аубакиров жастарға ерлік пен адалдықтың үлгісін көрсетіп, ақ батасын берді. Мектеп директоры Жанарыс Саятұлы , Білім бөлімінің әдіскері Касенова Гүлназ Байболовна құттықтап өтсе, Нұра ауданының Қорғаныс бөлімі басшысының орынбасары Мұқатай Абылай Ермекұлы сарбаздарға рухты тілектерін білдірді.
Салтанатты шара аясында оқушылар:

Қолма-қол айқас өнерін;

Қаруды жылдам жинап-тарқату шеберлігін;

Автоматпен дефиле мен саптық хорды жоғары деңгейде көрсетті.
Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулуда «Жас сарбаз» сыныбының жетекшісі Бөпежан Нұрлановна Усабаеваның еңбегі орасан.
Бұл күн — ұрпақтар сабақтастығы мен патриотизмнің жарқын көрінісі болды. Антқа адал, сертке берік болыңдар, Жас сарбаздар! 

Новости