2026 жылдың «Жыл мұғалімі» байқауының бірінші кезеңі мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Хамидулла Ж.Ж. 7 «А» сынып оқушыларына «Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырымы» тақырыбында тартысты әрі қызықты ашық сабақ өткізді. Сабақтың басты ерекшелігі — оқу процесінде жасанды интеллект мүмкіндіктерінің кеңінен қолданылуы болды. Оқушылар Math Quiz және Tarsia интеллектуалды ойындары арқылы күрделі формулаларды ойын түрінде жеңіл әрі қызықты меңгеріп қана қоймай, логикалық ойлау қабілеттерін шыңдады.
Ерекше атап өтерлік жайт, сабақ барысында геймификация элементтері шебер пайдаланылды: Math Quiz ойынында белсенділік танытып, жоғары ұпай жинаған оқушыларға арнайы «Math Money» валютасы табысталды. Балалар осы жинаған қаражаттарына өздері қалаған тәттілерін сатып алып, білімнің «тәтті» жемісін іс жүзінде сезінді.
Оқушылардың білім деңгейін бағалау «Батарея» әдісі арқылы жүргізіліп, олардың сабаққа қатысу қарқыны мен қуаты бақыланды. Сабақ соңында өткізілген «Бәйтерек» рефлексиясы оқушылардың алған әсерлерімен бөлісуіне мүмкіндік беріп, тақырыптың толық меңгерілгенін айғақтады. Озық технология мен ұтымды әдістеме ұштасқан бұл сабақ өз мақсатына жетті.


