back-image
Коммунальное государственное казённое предприятие «Ясли-сад «Ақерке» отдела образования Абайского района управления образования Карагандинской области

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Коммунальное государственное казённое предприятие «Ясли-сад «Ақерке» отдела образования Абайского района управления образования Карагандинской области
Жұмысқа шақырамыз! Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға арналған конкурс
01-09-2026 14:47
Жұмысқа шақырамыз! Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға арналған конкурс
 Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті, Олимпийская көшесі, құрылыс 1, мекен – жайында орналасқан, тел: 87215330131, 87788482160, электрондық поштасы: akierkie08@mail.ru, Қарағанды облысы білім басқармасының  Абай ауданы білім бөлімінің «Ақерке» бөбекжай» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны  
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде ашық конкурс жариялайды:
1. Әдіскер – 0,5 ставка.
2. Оқыту тілі: қазақ
Уақытша бос жұмыс орнының мерзімі: бос орын.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 01.09.2026 – 10.09.2026 жыл аралығында. 
Еңбекақы мөлшері мен шарттары: біліміне, біліктілігіне және еңбек өтіліне сәйкес.
 
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының әдіскерінің лауазымдық міндеттері:
     - білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
- оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар жасайды;
     -  балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады;
     -  жас топтары бойынша сабақ кестесін жасайды; 
   -    оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді; 
      - оқу-әдістемелік құжаттамаларды, құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады; 
      - инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтауды, зерттеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді;
     - топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен жинақтауды ұйымдастырады;
   -    оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайын талдайды; 
   -   тәрбиешілер үшін сабақтар, мастер-кластар, семинарлар, жеке және топтық кеңестер, көрмелер, конкурстар өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады;
      - оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін қалыптастырады, есепке алу және есеп беру құжаттамасын уақытылы рәсімдейді; 
     - тәрбиешілердің, психологтың, логопедтің, музыкалық жетекшінің, ұйымның басқа мамандарының өзара іс-қимылын үйлестіреді;
     - ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;
     - тәрбиешілер, олардың көмекшілері лауазымдарына кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу жөнінде ұсынымдар енгізеді;
     - педагогтердің біліктілігін арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау), аттестаттау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
      12. Біліктілікке қойылатын талаптар:
      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе техникалық және кәсіптік білімін растайтын құжат, мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: ауылдық жерде - кемінде 1 жыл;
       және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі болған педагог – шебер үшін мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: -кемінде 3 жыл; 
      педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог - зерттеуші үшін тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: -кемінде 3 жыл.
 
 
     Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
     7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
    8) наркологиялық ұйымнан анықтама;   
   9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
     10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
     12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Новости