back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Ақерке» бөбекжай» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Ақерке» бөбекжай» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Жұмысқа шақырамыз! Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға арналған конкурс
01-09-2026 14:50
Жұмысқа шақырамыз! Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға арналған конкурс
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының музыкалық жетекшісінің лауазымдық міндеттері:
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады;
 -     музыкалық сабақтарды, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді;
    -   балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді; 
    -  педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;
    -   балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді; 
    -  ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі мәселелері бойынша кеңес береді.
      12. Біліктілікке қойылатын талаптар:
     - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық немесе музыкалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;
      - және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі жұмыс өтілі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін - 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін – 5 жыл және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмыс өтілі педагог-шебер үшін – 5 жыл.
 
 
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
     7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
    8) наркологиялық ұйымнан анықтама;   
   9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
     10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
     12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Новости