back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Елім деп соққан жүрегім» атты мерекелік іс-шара.
22-10-2026 11:36
«Елім деп соққан жүрегім» атты мерекелік іс-шара.
«Елім деп соққан жүрегім» атты мерекелік іс-шара.
25 қазан – Республика күніне орай Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектепте «Елім деп соққан жүрегім» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға 1–9-сынып оқушылары белсене қатысып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін, туған жерге деген құрметтерін өнерлері арқылы жеткізді. Оқушылар патриоттық әндер орындап, тақпақтар оқып, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және Қазақстанның болашағына деген мақтаныш сезімін арттыру.
Мерекелік шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, оқушыларға ерекше әсер сыйлады. Еліміздің мерейі үстем, тәуелсіздігіміз тұғырлы, болашағымыз жарқын болсын!
Жаңалықтар