back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Ұлттық мектеп лигасы»
29-09-2026 09:02
«Ұлттық мектеп лигасы»
«Ұлттық мектеп лигасы» футбол жарысында жүлделі орын
Нұра ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептер арасында «Ұлттық мектеп лигасы» аясында футболдан жарыс өтті.
Жарысқа Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары да белсене қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. Атап айтқанда, 7–8 сынып оқушылары ІІ орын, ал 9–11 сынып оқушылары ІІ орын иеленді.
Оқушылардың спорттық шеберліктерін шыңдап, жарысқа дайындаған дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері М.О. Рыспаев және К.Ж. Абильдинге алғыс білдіреміз.
Жеңімпаз оқушыларды жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!
Новости