Жетістігім – еңбегімнің жемісі!
Ұстаздық жолдағы еңбегім мен шығармашылық ізденісім жоғары бағаланып, «Ізгілік пен өнегенің үлгісі» атты арнайы номинация бойынша Дипломмен марапатталдым.
Бұл марапат – білім беру саласына қосқан үлесімнің, кәсіби шеберлігімнің, шығармашылық ізденісімнің, жаңашылдығымның және жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбегімнің бағасы деп білемін.
Әрбір марапат – жаңа белестерге жетелейтін үлкен жауапкершілік.
Ұстаз еңбегінің ең үлкен жемісі – шәкіртінің жетістігі мен тәрбиелі тұлға болып қалыптасуы. 
«Ізгілік пен өнеге – ұрпақ тәрбиесінің негізі!»
Алғысым шексіз! Бұл марапатты ұжымымның қолдауы мен бірге атқарған еңбегіміздің нәтижесі деп қабылдаймын.