back-image
КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"
"Адалдық күні" мектеп жанындағы лагерь "Шағала" тобы
09-06-2026 13:25
Р. Асубаев атындағы ЖББМ жанындағы жазғы лагерьде «Адал азамат күні» өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық және ізгілік қасиеттерін қалыптастыру.
Күн дене шынықтыру пәні мұғалімінің таңғы сергіту жаттығуларынан басталды. Оқушылар белсенді қимыл-қозғалыс жасап, көтеріңкі көңіл күймен күнді жалғастырды.
Күн аясында «Менің адал ісім» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылып, балалар өздерінің жақсы істерін бейнеледі. Сондай-ақ «Адалдық гүлі» шығармашылық жұмысы өткізілді. Оқушылар гүл күлтешелеріне адалдық, мейірімділік, шыншылдық, достық, сыйластық, қамқорлық сияқты жақсы қасиеттерді жазып, өз ойларымен бөлісті.
Іс-шара барысында жақсы және жаман жағдаяттарды көрсету арқылы тәрбиелік көріністер қойылды. Оқушылар әртүрлі жағдайларды талдап, дұрыс шешім қабылдаудың маңызын түсінді.
«Адал азамат күні» қызықты әрі мазмұнды өтіп, балалардың адамгершілік құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтіп, жақсы қасиеттерді бойларына сіңіруге ықпал етті.
              Тәрбиешілер: З.М.Блялова
                         Д.Ж.Бекмагамбетова
Новости