back-image
КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"
Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру
09-06-2026 13:21
Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру
Р. Асубаев атындағы ЖББМ жанындағы жазғы лагерьде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында танымдық кездесу өткізілді. Кездесуге Нұра ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Дүйсенбай Қ.А. қатысып, оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.
Маман балаларға жаз мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары, судағы қауіпсіздік, өрттің алдын алу, табиғат аясындағы тәртіп ережелері және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету жолдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.
Кездесу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы айтылып, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара тәрбиелік әрі танымдық мәнге ие болып, оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.
Новости