back-image
КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"
«Жетістікке деген сенім» атты психологиялық қалыптастыру іс шара
09-06-2026 12:58
«Жетістікке деген сенім» атты психологиялық қалыптастыру іс шара
11-сынып білім алушыларын мемлекеттік емтихандарды тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатында педагог-психолог Шаймерденова А.Б. «Жетістікке деген сенім» атты психологиялық көңіл күй қалыптастыру шарасын өткізді.
Іс-шара барысында түлектерге алаңдаушылық деңгейін төмендету, өз күшіне деген сенімділікті арттыру және емтихан алдындағы жағымды эмоционалдық көңіл күйді қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілді. Оқушылар өзін-өзі реттеу, эмоционалдық шиеленісті азайту және зейінді шоғырландыруға арналған жаттығулар орындады. Ерекше назар оң мотивацияны қалыптастыруға, күйзеліспен күресу дағдыларын дамытуға және емтиханға дайындалу мен оны тапсыру кезеңінде өз күшін тиімді жоспарлауға аударылды.
Сонымен қатар, іс-шара барысында мотивациялық сөздер жазылған арнайы себет ұйымдастырылды. Оқушылар себеттен «Өзіңе сен!», «Сенің қолыңнан бәрі келеді!», «Сен табысқа жетесің!», «Жетістік сені күтуде!», «Сен мықтысың!», «Барлығы жақсы болады!» сияқты жігерлендіретін тілектерді таңдап алып, бір-біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл әдіс оқушылардың өзіне деген сенімін нығайтып, емтихан алдындағы қобалжуды азайтуға ықпал етті.
Новости