Алтын сақа олимпиадасы
«АЛТЫН САҚА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ????
Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінде 3–4-сынып оқушылары арасында республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасы өткізілді.
???? Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, математикалық сауаттылығын жетілдіру және білімге деген құштарлығын ояту.
???? Олимпиада барысында оқушылар өздерінің математикалық білімдерін, тапқырлықтары мен логикалық ойлау дағдыларын көрсетті.
???? Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! Білім жолындағы қадамдарыңыз нық болып, биік белестерді бағындыра беріңіздер!