Таза аула – таза орта, салауатты өмір салтының бастауы!
Салауатты өмір салтын насихаттау жоспарына сәйкес мектебімізде оқушылар мен ұстаздардың қатысуымен мектеп аумағын тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, тазалық пен ұқыптылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын кеңінен насихаттау.
Ұстаздар мен оқушылар бірлесе отырып мектеп аумағын тазалап, айналаны көркейтуге өз үлестерін қосты. Мұндай игі бастамалар өскелең ұрпақты еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа, табиғатты аялауға және қоғамдық ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді.
Бүгінгі ортақ еңбек – ертеңгі таза әрі көрікті ортаның негізі!