25 мамыр – Соңғы қоңырау қарсаңында түнгі рейдтік іс-шара өткізілді
Баршын ауылының аумағында 25 мамыр – «Соңғы қоңырау» мерекесіне орай қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға жергілікті учаскелік полиция қызметкері Р. Исабеков және Баршын тірек мектебінің ұстаздары қатысты.
Рейд барысында қоғамдық тәртіптің сақталуы, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүру жағдайлары, сондай-ақ жастардың қауіпсіздігі бақылауға алынды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп бітіруші түлектер мен жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және мерекелік күндері қоғамдық тыныштықты сақтау болып табылады.