back-image
"Баршын тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Баршын тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
Жаңа Конституция жобасы таныстырылды.
11-02-2026 09:16
Жаңа Конституция жобасы таныстырылды.
Баршын тірек мектебінде құқық негіздері пәнінің мұғалімі Толғанай Бауыржанқызының бастамасымен мектеп оқушыларына Жаңа Конституция жобасы таныстырылды.
Іс-шара барысында Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер мен толықтырулар туралы жан-жақты түсіндірме жұмысы жүргізіліп, оқушыларға құқықтық нормалардың мәні мен маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру бағытында мазмұнды ақпарат берілді.
Кездесу оқушылардың құқықтық білімін тереңдетіп, қоғамдағы заң үстемдігін түсінуге ықпал етті.
Новости