Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында«Буллингке жол жоқ!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Сабақ барысында оқушыларға буллингтің түрлері, оның салдары және алдын алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, қиын жағдайға тап болған кезде көмекке жүгінуге болатын Сенім телефондарының нөмірлері таныстырылып, олардың маңыздылығы айтылды.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, бір-біріне құрметпен қараудың, қолдау көрсетудің маңызын түсінді.