М.Жұмабаев атындағы ЖББМГ 7–9 сынып оқушыларымен “Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу” мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Нұра ауданы ПБ ҚҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Ибитанова Әдемі Тыныбекқызы және Нұра ауданы ПБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Секишев Дастан Сейдуалиевич қатысты.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ интернет қауіпсіздігі мәселелері кеңінен түсіндірілді. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

