Іс-шараның мақсаты — жасөспірімдерді Ауған соғысының тарихымен және Нұра ауданынан интернационалдық борышын өтеген жауынгерлердің ерлігімен таныстыру.
Еске алу сағаты барысында оқушылар соғыстың себептері мен барысы туралы мағлұмат алып, сондай-ақ осы қақтығыста қаза тапқан жас нұралық жауынгерлердің батылдығы мен ерлігі жөнінде білді. «Ауған соғысының жаңғырығы» атты презентация бұл соғыс оқиғалары туралы білімдерін толықтыра түсті.
Іс-шара соңында балалар кітап көрмесін қызығушылықпен тамашалады.


