Сынып сағаты барысында оқушылар бір - біріне жылы лебіз білдіріп, адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі - достыққа кері әсер ететін буллинг мәселесіне байланысты топтық жағдаяттық тапсырмалар орындап, өз ойларын ортаға салды.Оқушылар «Буллингтен қорғанудың 5 қадамымен» танысты.Бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөлісу мақсатында « Жүректен жүрекке» жаттығуын орындады. Сабақ соңында «Нағыз күш біреуді қорлауда емес, қорғауда. Досболайық! Буллингке жол бермейік!» деген ұранмен қорытындыланды.


