back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"
Жыл мұғалімі – 2026” байқауының II кезеңі аясында 2026 жылғы 09 ақпанда 10-сынып оқушыларымен «Лудомания» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатын математика пәнінің мұғалімі Жанерке Ерболатқызы жүргізді.
25-02-2026 10:13
Жыл мұғалімі – 2026” байқауының II кезеңі аясында  2026 жылғы 09 ақпанда 10-сынып оқушыларымен «Лудомания» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатын математика пәнінің мұғалімі Жанерке Ерболатқызы жүргізді.

Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға лудомания ұғымы туралы түсінік беру, оның адам өміріне, психологиялық жағдайына және болашағына тигізетін кері әсерін ұғындыру, саналы таңдау жасауға және өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауға үйрету.

Сабақ тақырыбы «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарымен және жалпы тәрбие бағдарламасымен тығыз байланыста өтті.

Сонымен қатар қауіпсіздік сабағы ұйымдастырылды. Тақырыбы: «Жедел жәрдем нөмірлері және сенім телефондары». Мақсаты – оқушыларды төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге, сондай-ақ көмек сұраудан қорықпауға үйрету.

Сабақ барысында заманауи технологиялар, соның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктері дәстүрлі оқыту әдістерімен ұштастырылды. Оқушылар өз ойларын нақты әрі еркін жеткізе білді. Сабақ соңында оқушылар лудомания – уақытша қызығушылық, ал адал еңбек, білім мен жауапкершілік – жарқын болашақтың негізі екені жөнінде қорытынды жасады.
Адал азамат әрқашан саналы таңдау жасайды деген тұжырым қалыптасты.

Новости