back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
*Шығармашылық пен технология тоғысқан сәт*
25-02-2026 09:44
*Шығармашылық пен технология тоғысқан сәт*

5-сынып оқушыларымен өткен «Бұл кімнің көзі?» атты арт-терапиялық сабағымыз ерекше шығармашылық атмосферада өтті. Бұл жұмыс тек сурет салу емес, балалардың ішкі толғанысы мен қиялын еркін жеткізуіне жол ашқан мазмұнды жоба болды. Оқушылар өз сезімдерін қағаз бетіне түсіріп қана қоймай, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану арқылы өз туындыларына жан бітіріп, іс-қимыл енгізді.
Мұндай заманауи тәсіл балалардың эстетикалық талғамын дамытып, эмоциялық жағдайын ашық білдіруге зор мүмкіндік берді. Нәтижесінде оқушылардың өзіне деген сенімділігі артып, топпен жұмыс істеу қабілеті нығая түсті. Сонымен қатар, цифрлық сауаттылық пен жаңа технологияларды қолдану дағдылары қалыптасып, шығармашылық белсенділіктері жаңа деңгейге көтерілді. Шығармашылық пен технологияның мұндай үйлесімі — болашақ білім берудің басты кілті екені сөзсіз.

Новости