9 «Ә» сыныбында «Біз – бір командамыз!» тақырыбында үштік одақ (ата-ана, оқушы және мұғалім) форматында оқушылардың қатысуымен ата-аналар жиналысы тренинг түрінде өтті. Іс-шараның мақсаты – үш тараптың өзара сенімін арттыру, ынтымақтастықты нығайту және бірлескен әрекетті қалыптастыру. Тренинг барысында қатысушылар топтық жұмысқа қатысып, ашық пікір алмасып, өзара түсіністік пен қолдаудың маңыздылығын сезінді. Кездесу жылы атмосферада өтіп, нәтижелі ойлар мен ортақ тұжырымдар жасалды.



