«Заң мен тәртіп» тәрбие бағыты аясында «Интернет желісі арқылы оңай ақша табу» тақырыбында сабақ өткізілді.
Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ-нің 9 «Ә» сынып оқушыларымен «Заң мен тәртіп» тәрбие бағыты аясында «Интернет желісі арқылы оңай ақша табу» тақырыбында сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушыларға интернет арқылы жылдам әрі оңай ақша табуды уәде ететін ұсыныстардың қауіпті тұстары түсіндірілді. Атап айтқанда, интернет-алаяқтық, жалған жұмыс ұсыныстары, қаржылық пирамидалар, бөтен адамдардың банк картасын немесе жеке деректерін пайдалануға қатысты қауіптер талқыланды.
Оқушыларға әлеуметтік желілердегі күмәнді хабарландыруларға сенбеу, жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу, банк картасының деректері мен SMS-кодтарды жария етпеу қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар, заңсыз ақша табу жолдарына қатысудың құқықтық салдары туралы түсінік берілді.
Сабақ барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, өмірлік жағдаяттарды талқылады. Заңды әрі қауіпсіз еңбек етудің маңыздылығын түсініп, интернет кеңістігінде сақтық танытуға бағытталған пайдалы ақпарат алды. Мақсаты: оқушыларға интернет арқылы оңай ақша табу туралы ұсыныстардың ықтимал қауіптерін түсіндіру, қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу, заң талаптарын сақтауға және жеке қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.