«МЕНІҢ ЦИФРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІМ» тақырыбында «Смарт постер» шығармашылық шеберханасын өткізді.
«Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектебі (ресурс орталығы)» КММ-де 8 «А» және 5 «Б» сынып оқушылары«Смарт бала» жобасын жүзеге асыру аясында «МЕНІҢ ЦИФРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІМ» тақырыбында «Смарт постер» шығармашылық шеберханасын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, Интернет желісінде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шеберхана қатысушылары киберқауіпсіздіктің негізгі аспектілерін: жеке ақпаратты қорғауды, әлеуметтік желілерде қарым-қатынас жасау ережелерін және интернеттегі қауіп-қатерлерге қарсы тұруды көрнекі түрде бейнелейтін ақпараттық әрі көркем постерлер дайындады.