Жарақаттық тәжірибенің балаға әсері
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысын ұйымдастыру аясында 7-"ә" сыныбында сынып жетекшісі Асимхан К. басқаруымен кезекті ата-аналар жиналысы өтті.
Бұл жолғы кездесудің басты тақырыбы — «Жарақаттық тәжірибенің балаға әсері» болып, баланың психологиялық қауіпсіздігі мен отбасындағы қолдау мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиналыстың негізгі мақсаты:
Ата-аналарға баланың өміріндегі кез келген жарақаттық жағдайлардың әсері туралы негізгі білім беріп, бала психологиясын түсінуге көмектесу.
Кездесу барысында мынадай міндеттерге ерекше назар аударылды:
-Ата-аналардың өз баласы үшін алаңдаушылық деңгейін төмендету жолдары айтылды.
-Қиын сәттерде баланы сөзбен емес, шынайы эмоция мен әрекет арқылы қолдаудың маңыздылығы түсіндірілді.
-Ата-аналарға алдымен өз жағдайын бақылауда ұстау және күйзеліспен күресу әдістері үйретілді.
Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасты. Кездесу соңында қатысушылар бала тәрбиесіндегі психологиялық ахуалдың маңызын түсініп, құнды кеңестер алды.
#АПҚО#адал_азамат #bilimboliminura





