Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершілік негізі
9 “Ә” сынып оқушыларымен «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершілік негізі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушыларға Конституцияның негізгі құндылықтары, азаматтық жауапкершілік және қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы түсіндірілді. Оқушылар экологиялық мәдениет, табиғатты аялау және туған жердің тазалығын сақтау мәселелері бойынша өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Тақырыпқа байланысты түрлі ойындар мен қызықты тапсырмалар ұйымдастырылды. Оқушылар ойындарға белсене қатысып, өз ойларын еркін жеткізіп, топтық жұмыстар арқылы ұйымшылдық пен жауапкершіліктерін көрсетті. #адал_азамат